21 наурыз 2016 17:46

Хакерлер әнші Адельдің жеке суреттерін Интернетке жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Адель. © theguardian.com Әнші Адель. © theguardian.com

Хакерлер ұлыбританиялық әнші Адельдің жеке суреттерін ұрлап алып, Интернетке жариялады, - деп хабарлайды The Guardian. Басылымның мәліметінше, әншінің жүктілік кезіндегі УДЗ түсірілімдері мен үш жасар ұлы Анджелоның суреттері ұрланған.

Сонымен қатар, хакерлер әншінің бала кезде түскен суреттерін де ұрлаған, Адель оларды ешқашан жарияламапты. Суреттердің бірінде ол Санта-Клаус костюмін киіп тұр. Мұндай әрекет әншіні қатты ашуландырды, себебі ол жеке өмірін құпия ұстайды. Алдын ала мәліметтер бойынша, хакерлер әншінің электронды поштасын бұзып, отбасылық мұрағатқа кірген, суреттерге қол жеткізген соң оларды Facebook арқылы таратқан.

Айта кетейік, 2014 жылдың соңында бірқатар танымал адамның жеке суреттері Интернетте тарады: актрисалар Дженнифер Лоуренс, Кирстен Данст, Мэри-Кейт Олсен, әнші Аврил Лавин, модельдер Кара Делевинь мен Ким Кардашьян. Суреттер iCloud сервисіндегі жұлдыздардың жеке аккаунттарынан ұрланған. Тергеу бұл оқиғаларға Google мен Apple-дің кінәлі емесін дәлелдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети