01 қараша 2016 23:53

Хитке айналған "Қызыл өрік" әнінің бейнебаяны шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақылбек Жеменей Ақылбек Жеменей

Ақылбек Жеменейдің "Қызыл өрік" әніне түсірілген бейнебаяны шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақылбек Жеменейдің "Қызыл өрік" әніне түсірілген бейнебаяны шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнебаянды таныстыру рәсімі 2 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 10.00 мен 11.00 аралығында "Жұлдыз ФМ" радиостанциясындағы "Таңғы Шоу" бағдарламасы мен  СТВ телеарнасынан көрсетіледі. Әнді орындаушылар бейнебаянды қалай түсіргендерін таныстыру рәсімінде айтатын болады.

"Жұлдыз ФМ" радиостанциясының бағдарламалық директоры Жасұлан Қалидың айтуынша, Ақылбек Жеменей "Қызыл өрік" әнін кубалық әнші Исаак Реалмен бірге айтады.

Исаак Реалдың продюсері Жәмиля Тұрғамбаеваның айтуынша, кубалық әнші Ақылбекке осы әнге бейнебаян түсіруді өзі ұсынған. "Оның қазақ халқының мәдениетіне деген көзқарасы жақсы. Осымен 4,5 жыл Алматыда тұрып жатқан Исаак қазақтарға осы әннің қатты ұнайтынын біледі. Ол да осы әнді сүйіп тыңдайтындықтан, осындай ұсыныс жасады", - деді әншінің продюсері.

"Бейнебаян латын-америкалық стильде түсірілген. Бейнебаянда екі әнші де би билейді", - деді Жәмиля Тұрғамбаева. Продюсердің айтуынша, бейнебаянды түсіру жұмыстары ұзаққа созылмады - бір тәуліктің ішінде-ақ түсірілген. Сонымен қатар, кубалық әншінің продюсері 29 жастағы әншінің қазіргі уақытта қазақ тілін үйреніп жатқанын айтты.

Айта кетейік, "Қызыл өрік" әні - кез келген мерекелік іс-шараларда кеңінен танымал болған қазақстандық әндердің бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети