Қазақстандық екі әнші - Ринат Малцагов пен рэпер Дилани "Хочу к Меладзе" шоуының іріктеуінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық екі әнші - Ринат Малцагов пен рэпер Дилани "Хочу к Меладзе" шоуының іріктеуінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарлық 26 жастағы әнші Ринат Малцагов SuperStarKz жобасынан кейін танымал болған еді. Бұл байқау аяқталғаннан кейін оның төрт финалисі "Перцы" аталатын топ құрды, бойз-бенд құрамында Ринат та болды. Бірнеше жылдан соң жас ұжым ыдырап кетті. Қазір Малцагов кино және телетүсірілімдерге қатысып жүр. Рэпер Дилани болса, мейнстрим стиліндегі әртіс ретінде белгілі. Өз шығармашылығын ол 2007 жылы түнгі клубтардан бастаған. Дилани өз әндерін өзі жазады.
"Хочу к Меладзе" шоуының алғашқы кастингіне Қазақстаннан барлығы қанша жігіттің қатысқаны жария етілген жоқ. Кастинг Киев, Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск, Алматы қалаларында өтті.
"Хочу к Меладзе" - "Хочу в ВИА Гру" халықаралық авторлық форматының жалғасы. Оның жеңімпаздарына Константин Меладзенің өзі продюсер болады. Ол жас таланттарды екі жыл ішінде ТМД көлеміндегі ең танымал әншіге айналдырамын деп отыр. Шоу қазыларының құрамына Сергей Лазарев, Владимир Пресняков, Тимати, Анна Седокова, Полина Гагарина және Ева Польна енген. "Хочу к Меладзе" думаны 1 қыркүйекте эфирге шығады, Қазақстанда оны "Жетінші арнадан" көруге болады.
Дилани телешоу жүргізушісі Вера Брежневамен бірге.
Дилани мен Ринат.