Иманбек әкімнен сыйлық алып, оны қайырымдылыққа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманбек әкімнен сыйлық алып, оны қайырымдылыққа берді

"Грэмми" премиясының лауреаты Иманбек Зейкенов өзінің туған қаласы Ақсуға оралып, жастармен кездесті. Кездесу барысында ол өзі туралы айтып, Мәскеуге барғандағы әсері және жоспарлары туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Диджейді облыс әкімі, мәдениет министрі құттықтап, оны Қазақконцерт директоры Жеңіс Сейдоллаұлы қарсы алды. 

Облыс әкімінің атынан диджейге заманауи техника алуына және "премия алғаны үшін көрімдік" ретінде 2 миллион теңге берілген. Ал Ақсу әкімі Нұржан Әшімбетов шапан жапты.  

"Менде заманға сай техника бар, сондықтан ол ақшаны қайырымдылыққа бергім келеді. Мен ешқайда көшпеймін. Күнде қалаға барып тұрамын. Болашақта музыка саласындамын. Теміржолдан бір жыл бұрын кеткенмін. Әрі қарай музыкамен айналысамын. Жастар бәрі жемқорлық көп, көтерілу мүмкін емес деп ойлайды. Олай емес. Менің келесі релизім Шон Полмен болады", - дейді Иманбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети