Иманбек америкалық рэпермен жаңа трек шығарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманбек америкалық рэпермен жаңа трек шығарды Иманбек, Lil Xan. Фото: @imanbekmusic, @xanxiety

Иманбек америкалық рэпер Lil Xan-мен жаңа трек шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманбек америкалық рэпер Lil Xan-мен жаңа трек шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық диджей 17 желтоқсанда америкалық рэпер Lil Xan-мен Go Crazy трегін шығарды. Видео Глеб Мавриннің YouTube-арнасында жарияланды.

Иманбек пен америкалық рэпер Lil Xan-ның танысуына көктемде GlebaTV YouTube-арнасындағы шоу себеп болған. Онда америкалық орындаушылар, оның ішінде рэпер Lil Xan да орыстың танымал музыканттары туындысын тыңдайды. Шығарылымдардың бірінде Roses (Imanbek Remix) трегі қосылады. Қонақтар ремикс хит екенін, трек ұнағанын және ол туралы естігенін, бірақ авторы кім екенін білмейтінін айтады. Глеб сол кезде Lil Xan мен Иманбекті сырттай таныстырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LIL XAN/DIEGO (@xanxiety)

Америкалықтарға орыс музыкасын тыңдатып, пікірін сұрайтын GlebaTV YouTube-арнасындағы шоудың кейінгі шығарылымында Go Crazy трегінің премьерасы болды. Кейінірек GlebaTV Lil Хan және Иманбек түскен видеоны жариялады. 

Видео екі бөлімнен тұрады: біріншісі маусымда АҚШ-та түсірілген, онда Глеб полиция көлігінде Lil Xan-мен сұхбаттасқан, ал екіншісі Иманбекпен Қазақстанда түсірілген.

Go Crazy - Иманбектің атақты музыканттармен жазған алғашқы коллабы емес. Ол бұған дейін Ariana Grande, Billie Eilish, Marshmallow, Rita Ora сияқты орындаушылармен бірлесіп трек жазған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети