Иманбек Еуропа мен Америкада әлемдік тур өткізетінін жариялады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманбек Еуропа мен Америкада әлемдік тур өткізетінін жариялады © instagram/imanbekmusic

"Грэмми" сыйлығының иегері саунд-продюсер Иманбек Зейкенов Rahmet World Tour атты әлемдік тур өткізетінін жариялады. Концерт Еуропа мен Америка қалаларында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Грэмми" сыйлығының иегері саунд-продюсер Иманбек Зейкенов Rahmet World Tour атты әлемдік тур өткізетінін жариялады. Концерт Еуропа мен Америка қалаларында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыкант алдағы концерттердің кестесін Instagram-парақшасында жариялады.

"Ақыры "Рахмет" туры жарияланды. Күндерге назар аударыңыздар", - деп жазды Иманбек.

Бірінші шоу биыл 8 сәуірде Нью-Йоркте өтеді. Әзірге 24 концерт туралы ақпарат жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

"Манхэттеннің түнгі өмірінің басты қаласы Нью-Йоркте жалғыз әрі қайталанбас Иманбекті қарсы алу үшін бізге қосылыңыз", - делінген Harbor түнгі клубының парақшасында.

Әлемдік тур 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде ол Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Латын Америкасы және басқа да елдерде өнер көрсетеді. Соңғы шоу Германияда өтеді, онда Иманбек Lollapalooza фестиваліне қатысады.

Еске салайық, 21 жастағы Иманбек Зейкенов Grammy номинациясын жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанған еді. Ол SAINt jhn-нің Roses композициясына ремикс жасағаны үшін үздік деп танылған. Оның нұсқасындағы Roses хит болып, 20 аптадан аса уақыт қатарынан Billboard Hot 100 чартының үздік ондығында тұрған. 

Сонымен қатар, 2021 жылғы желтоқсанның аяғында Иманбек "MTV Россия" нұсқасы бойынша жыл музыканты атанған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети