12 маусым 2021 09:43

Иманбек норвегиялық диджеймен жаңа трек жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов норвегиялық диджей Алан Уокермен бірге "Sweet Dreams" әні мен бейнебаянын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов норвегиялық диджей Алан Уокермен бірге "Sweet Dreams" әні мен бейнебаянын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа тректің шығуы туралы қазақстандық диджей Instagram-парақшасында хабарлады.

Танымал музыкант Алан Уокер де Instagram-да композицияның шығатынын хабарлады. Айта кетейік, диджей "Faded", "Sing Me to Sleep" және "Alone" сияқты хиттерімен әйгілі.

Жаңа трекке Скэтмэн Джонның "Skatman" әні негіз болған.

Бейнебаянда ақ маска таққан адам Иманбекті көрсетеді. Пікір білдірушілер ол шынымен қазақстандық диджей ме, әлде оның орнына басқа адам түскен бе деген болжам жасап жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

Еске салайық, жақында қазақстандық диджей Billboard Awards жүлдесінің иегері атанды. Иманбек Зейкенов Saint JHN-ның Roses әніне жасаған ремиксі үшін "үздік электрон ән" номинациясында марапатқа ие болды.

Бұған дейін ол осы композиция үшін Grammy алған еді.

Сонымен қатар, Imanbek ресейлік Forbes-тің "30-ға дейінгі 30" рейтингіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети