Иманбек өзіне ескерткіш қою ұсынысына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманбек өзіне ескерткіш қою ұсынысына жауап берді Фото: Instagram / imanbekmusic

Grammy сыйлығының иегері қазақстандық диджей Иманбек Ақсу қаласында оған ескерткіш орнату идеясына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Grammy сыйлығының иегері қазақстандық диджей Иманбек Ақсу қаласында оған ескерткіш орнату идеясына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыкант ойын Instagram-да тікелей эфирде бөлісті.

"Көбі Ақсу қаласына Иманбекке мурал қойылмақ дегенді естіген шығар. Бұл жалған", - дейді ол.

Диджей бір ай бұрын оған жергілікті әкімдіктен қоңырау шалып, Ақсу қаласына оның беделді музыкалық байқаудағы жеңісіне орай граммофон мүсінін орнату туралы ойын сұраған.

"Мен қиын болмаса қойыңыздар, керемет, маған бәрібір дедім. Бірақ журналист сымақтар осыны басқаша жеткізіп, енді адамдар ол өзіне ескерткш орнатқысы келеді, өзіне көп алады деп ойлайды", - деді диджей.

Иманбек өзінің атына жаман сөздерді тоқтату үшін эфирге шыққанын атап өтті.

"Мені білетін адамдар ондай емесімді біледі. Ескерткіш жасауды сұрау - менмендіктің шыңы деп ойлаймын!", - деді Иманбек эфирде.

Еске салайық, креативті индустрия қызметкерлерінің кездесуінде Ақсу тұрғындары Павлодар облысының әкіміне Иманбек Зейкеновтың Grammy-дегі жеңісі құрметіне монумент орнатуды сұраған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети