07 тамыз 2020 11:43

Imanbek танымал канадалық рэп орындаушымен ән жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық музыкант Imanbek (Иманбек Зейкенов) танымал канадалық хип-хоп орындаушы Tory Lanez-бен бірлесіп ән жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық музыкант Imanbek (Иманбек Зейкенов) танымал канадалық хип-хоп орындаушы Tory Lanez-бен бірлесіп ән жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Blackout деп аталатын ән 6 тамызда цифрлық алаңдарда жарық көрді.

Tory Lanez бес жыл бұрын Lost Cause микстейпінің және Say it синглінің арқасында кең танымалдықа ие болған.

Еске салайық, 2019-2020 жылдары Ақсу (Павлодар облысы) тұрғыны Иманбек Зейкеновтың әнші Saint Jhn-нің Roses әніне арналған ремиксі әлемдік чартты бағындырып, ұзақ уақыт бойы жетекші орында тұрған.

Ремикс Apple Music-тің үздік 10 әндер тізіміне енді, оны Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан астам адам қараған, "Яндекс.Музыкада" бесінші орынға ие болды, Spotify-де төрт миллион адам тыңдаған, рэп орындаушысы Saint Jhn-нің YouTube-тегі арнасында миллионнан астам қаралым бар.

Ал наурызда трек UK Singles Chart-те көш бастап, Ұлыбританиядағы нөмір бірінші сингл атанды. Сол кезде Иманбек Зейкеновтың Saint JHN Roses (Imanbek Remix) нұсқасы The Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Justin Bieber сынды орындаушыларды басып озған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети