ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 мамыр 2021 17:17
Imanbek ұлыбританиялық әншімен жаңа трек шығарды
"Гремми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов пен ұлыбританиялық әнші Cher Lloyd Baddest атты жаңа трек жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Гремми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов пен ұлыбританиялық әнші Cher Lloyd Baddest атты жаңа трек жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы қазақстандық диджей Instagram-дағы парақшасында жазды. Тректі барлық музыкалық платформадан тыңдауға болады.
Cher Lloyd - әнші, актриса әрі модель. Қыз ұлыбританиялық The X Factor таланттар шоуының жетінші маусымына қатысып, танымалдыққа ие болған. Жобада төртінші орынды иеленген.
Бұған дейін Иманбек Моргенштерн және Fetty Wap-пен трек жазған болатын. Ән Leck деп аталады. Трек 30 сәуірге қараған түні шықты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу