Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Imanbek ұлыбританиялық әншімен жаңа трек шығарды 07 мамыр 2021, 17:17

"Гремми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов пен ұлыбританиялық әнші Cher Lloyd Baddest атты жаңа трек жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

"Гремми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов пен ұлыбританиялық әнші Cher Lloyd Baddest атты жаңа трек жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қазақстандық диджей Instagram-дағы парақшасында жазды. Тректі барлық музыкалық платформадан тыңдауға болады.

Cher Lloyd - әнші, актриса әрі модель. Қыз ұлыбританиялық The X Factor таланттар шоуының жетінші маусымына қатысып, танымалдыққа ие болған. Жобада төртінші орынды иеленген.

Бұған дейін Иманбек Моргенштерн және Fetty Wap-пен трек жазған болатын. Ән Leck деп аталады. Трек 30 сәуірге қараған түні шықты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram