Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Игорь Крутойдың "Жаңа толқындағы" шығармашылық кешінде құрметті қонағы болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Игорь Крутойдың "Жаңа толқындағы" шығармашылық кешінде құрметті қонағы болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Жаңа толқын" байқауындағы шығармашылық кеш композитор Игорь Крутойдың 65 жас мерейтойына арналған. Иманғали Тасмағамбетов сахнаға шығып, орден табыстады.
"Ресей Федерациясының халық әртісі, композитор Игорь Крутойдың жан-жақты жұмысы Қазақстанда жоғары деңгейде бағаланады. Сондықтан, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Игорь Крутой республиканың ең жоғары мемлекеттік наградасы - "Достық" орденімен марапатталады", - деді Тасмағамбетов өз сөзінде.
"Менің бұл марапатқа қатысым жоқ. Қазір менің әнімді орындайтын топ шығады. Мен бұл марапатқа атақты "Крутые" тобы лайықты деп есептеймін", - деді Игорь Крутой.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шілдеде Игорь Крутойды II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойған.