Интернетте Батырхан Шүкеновтің жаңа бейнебаяны пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернетте Батырхан Шүкеновтің жаңа бейнебаяны пайда болды © YouTube/GAKKU TV

Батырхан Шүкеновтің "Аялаған арман-ай" атты жаңа бейнебаяны жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батырхан Шүкеновтің "Аялаған арман-ай" атты жаңа бейнебаяны жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақ-қара тонмен жасалған бейнебаян отандық телеарналарда көрсетіліп жатыр. Бейнебаянды Батырхан Шүкеновтің атындағы 2015 жылдың мамырында құрылған қор түсірді. Айта кетейік, бұған дейін Батырхан Шүкеновтің ағасы әншінің орындауындағы жарыққа шықпаған композицияларды көрсететінін, сонымен қатар бірнеше видеоны таныстыратынын айтқан болатын.

Батырхан Шүкеновтің атындағы қор Қазақстандағы музыкалық білім ордаларында әншінің атындағы шәкіртақыны тағайындауды жоспарлап отыр. Қордың негізгі жоспарында әншінің атына мектеп-студия, заманауи техникалармен жабдықталған концерт залын және продюсерлік орталық ашу да бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети