Ресейлік танымал әнші Ирина Дубцованың Гомель қаласындағы концерті жанжалмен аяқталды. Көрермендер әншінің сахнаға мас күйінде шыққанын айтты. Оның өнер көрсеткен сәтін көрермендердің бірі видеоға түсіріп, Желіге салды.
Ресейлік танымал әнші Ирина Дубцованың Гомель қаласындағы концерті жанжалмен аяқталды. Көрермендер әншінің сахнаға мас күйінде шыққанын айтты. Оның өнер көрсеткен сәтін көрермендердің бірі видеоға түсіріп, Желіге салды.
"Қайыңның гүлдеуіне байланысты аллергия басталды деп сылтауратқан әнші концертті ұзақ бастамады. Бір кезде ол сахнаға шыққанда көрермендер біртіндеп залдан шығып, кетіп жатты: Дубцова өзін әдепсіз ұстап, әнін әрең айтып тұрды, үнемі бір сусынды ішіп, бір айтқанын қайталай берді, сандырақтады. 3,5 әнін "шырқап", біреуін фонограммамен айтты, әндердің арасында 2-3 минуттан үзіліс болып, сол уақытта ол аузына келгенін айтып, концерт 25 минутқа созылды, көрермендер наразы болып, кете бастаған соң, концерт аяқталды. Концерттің аяқталуының ресми себебі - әншінің қайың гүлдегенде аллергиясының шығуы", - деп жазды видеоның авторы.
Кейін Дубцованың "Вконтакте" желісіндегі ресми қауымдастығында әншінің маусымдық аллергияға шалдыққаны расталып, көрермендерге ақшаның қайтарылатыны жазылды. "Құрметті достар! Ирина Дубцованың жағдайының нашарлауына, аллергиясының басталуына байланысты әнші Гомельдегі концертін өткізе алмады, ол мұнымен соңғы бірнеше жыл бойы ауырып жүр, ол бронхтардың жиырылуына әкеп соғып, тыныс алу және сөйлеу функциялары бұзылады, жөтел қысады. Беларусь елінде күтпеген жерден ағаштар ерте гүлдеді. Әдетте Ирина ағаштар гүлдей бастаған көктем мезгілінде елден кетіп қалатын", - делінген хабарламада.