© fb.ru
Ресейлік "Иванушки International" поп-группасының бұрынғы солисі Олег Яковлев ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Life.ru.
Ресейлік "Иванушки International" поп-группасының бұрынғы солисі Олег Яковлев ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Life.ru.
БАҚ мәліметінше, дәрігерлер оны жағдайын ауыр деп бағалаған. 47 жастағы әнші өкпені жасанды желдету аппаратына жалғанған. Олег Яковлевтің Мәскеудегі клиникалардың біріне бірнеше күн бұрын жатқызылғаны белгілі болған.
Олег Яковлев 1969 жылы 18 қарашада Улан-Баторда дүниеге келген. Ол 1998 жылы "Иванушки" тобының толыққанды мүшесі атанды. 2012 жылы Яковлев жеке мансабын бастаған болатын.