"Иванушки" тобының экс-солисі Гарик Сукачевпен бір палатада жатты: Екеуі де бір диагнозбен

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Иванушки" тобының экс-солисі Гарик Сукачевпен бір палатада жатты: Екеуі де бір диагнозбен

Танымал "Иванушки International" тобының экс-солисі Олег Яковлев өзінің соңғы демі шыққан сәтте жансақтау бөлімінде музыкант Гарик Сукачевпен бірге бір палатада жатқан, - деп хабарлайды LIFE.ru.

Екі әншінің екі тәулік бойы бір бөлмедегі төсектерде жатқаны айтылған. Екеуіне де алкогольмен улану (интоксикация) диагнозы қойылған. Бір күн бұрын Гарик Сукачев есін жиып, психосоматикалық бөлімге ауыстырылған. 

Еске салайық, бүгін таңертең Мәскеуде "Иванушки International" тобының экс-солисі Олег Яковлев қайтыс болды. Бұл туралы оның сүйіктісі Александра Куцевол Instagram желісінде естіртті.

Айта кетейік, кеше Ресей БАҚ-тары "Иванушки International" поп-группасының бұрынғы солисі Олег Яковлевтің ауыр халде жатқанын хабарлаған еді. 47 жастағы әнші өкпені жасанды желдету аппаратына жалғанған. Олег Яковлевтің Мәскеудегі клиникалардың біріне бірнеше күн бұрын жатқызылғаны белгілі болған. 

Олег Яковлев 1969 жылы 18 қарашада Улан-Баторда дүниеге келген. Ол 1998 жылы "Иванушки" тобының толыққанды мүшесі атанды. 2012 жылы Яковлев жеке мансабын бастаған болатын.

"Бүгін сағат 7:05-те өмірімдегі ең басты Ерім, Періштем, Бақытым қайтыс болды... Сенсіз қайтпекпін?.. Ұш, Олег! Мен сенімен біргемін", - деп жазды Александра Куцевол Instagram желісінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети