Jah Khalib Ургантқа қазақстандық музыканттардың табысқа жету сырын айтты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Jah Khalib Ургантқа қазақстандық музыканттардың табысқа жету сырын айтты Видеодан алынған кадр

Jah Khalib "Вечерний Ургант" бағдарламасының қонағы болды, онда әнші қазақстандық музыканттардың табысқа жету құпиясын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Jah Khalib "Вечерний Ургант" бағдарламасының қонағы болды, онда әнші қазақстандық музыканттардың табысқа жету құпиясын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламада әнші Мәскеудегі алғашқы концерті туралы айтты және Ресей астанасынан үйренгенін бөлісті. 

"Мәскеу мені тәрбиеледі. Бізде Қазақстанда бейресми бір дәстүр бар, біз кешіккенді емес, асықпауды жақсы көреміз. Бізде қандай да бір іс-шара, үйлену тойы басталды делік. Барлығы 5-ке шақырылса, автомат түрде 6-да келеді. Барлығында солай, кездесулерде де... Басында Мәскеуде бәрін уақытында жасау керек екеніне үйрене алмадым. Есімде, Мәскеуге алғашқы концертке келдік, бізге 8-де шығатынымызды айтты, біз онда 8.30-да дедік. Олар жоқ - 8.00-де деді. Содан бері тәрбиелене бастадым. Қазір мен өте жинақы адаммын", - деді орындаушы.

"Бір сұхбатыңызда сіз бұрын ең мықты музыканттар Украинадан шыққан, ал қазір қазақстандық музыканттардың уақыты келді деп айттыңыз",- деді Иван Ургант.

"Бұл шындық. Иә, бізде күлдіргілер, өнер адамдары, режиссерлер де керемет. Барлығы жаңа нәрсе жасайды, өнер бағытында жаңа нәрсе жасауға тырысады. Бұл біз көпұлтты ел болғандықтан шығар, қателеспесем 122 ұлт өкілі тұрады. Соғыс кезінде де көп адам біздің жерімізге қоныс аударылды. Менің ойымша, осы "коктейль" немесе әртүрлі ұлт пен менталитеттің қосындысы керемет жемісін берді", - дейді музыкант.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети