20 сәуір 2016 | 18:36

"Жаңа толқын-2016" байқауында Қазақстан намысын "Сарын" дуэті қорғайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сарын" тобы "Сарын" тобы

"Жаңа толқын-2016" байқауында Қазақстан намысын "Сарын" дуэті қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Жаңа толқын-2016" байқауында Қазақстан намысын "Сарын" дуэті қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқаудың жартылай финалы 18-19 сәуір күндері Мәскеу қаласында өтті. Қазылар алқасының құрамында "Жаңа толқынның" бас продюсері Александр Ревзин, Ресейдің халық әртісі Игорь Крутой, A-Studio тобының солисі Кэти Топурия болды. Іріктеу кезеңінде қазақстандық топ Back in the U.S.S.R. (The Beatles), "Стоп, ночь" (A-Studio) және өз репертуарындағы "Мәңгілікке" әндерін орындады.

Айта кетейік, жас орындаушылар - Берік Бердекеев пен Алтынай Төлембетовадан тұратын "Сарын" тобы осыдан екі жыл бұрын құрылған. Топтың продюсері - Rin'Go тобының әншісі Данияр Өтеген. Олар 2015 жылы Turkvizyon байқауында бақ сынаған. "Біз бұл байқауға өткен жылы қатысқымыз келген. Дегенмен жас екенімізді ескеріп, биыл қатысуды жоспарладық. 25 мамырға дейін біз байқау режиссерлерімен финал кезінде қандай ән орындайтынымызды анықтауымыз керек. Содан кейін дайындық басталады", - деді Данияр Өтеген.

Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан атынан жас әнші Сангина Шарипова да бақ сынады.

Еске салайық, 2015 жылы "Жаңа толқын" байқауында Қазақстан атынан алғаш рет 2 қатысушы бақ сынаған еді. VoiceKZ тобы мен әнші Ademi елді таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Үш күндік байқаудан кейін Ademі екінші орынды иеленіп қайтты. Сонымен қатар, ол көрермендер көзайымы атанды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети