Қазақстан әншісі Жанар Доғалова Turkvizyon-2014 байқауының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқау биыл Татарстанның астанасында өтті.
Қазақстан әншісі Жанар Доғалова Turkvizyon-2014 байқауының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқау биыл Татарстанның астанасында өтті.
Жанар Доғалова "Ізін көрем" әнімен өнер көрсетіп, 225 балл ұпай жинады. Байқауда екінші орынды 201 балл алған Татарстан әншісі Айдар Сүлейман иеленді, үшінші орын 199 балл алған Zaman тобына бұйырды. Вокалистердің өнерін байқауға қатысушы елдердің бір-бір адамынан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады. Байқаудың финалына Қазақстан, Татарстан, Түркия, Башқұртстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Македония, Иран, Қырым, Босния және Герцеговина, Болгария, Якутия, Әзірбайжан және Түрікменстан елдерінен барлығы 15 өнерпаз қатысты.
Жартылай финалда Жанар Доғалова үшінші орын алып, финалға өткен еді. Доғалова өнер көрсеткеннен кейін қазылар алқасы мүшелерінің бірі - Арман Дәулетияров әншіге орнынан түрегеліп, қол соқты. Жанардың өзі эмоциясын жасыра алмады, байқау нәтижелері жария етілгеннен кейін ол өзіне қолдау көрсеткен барлық отандасына алғысын білдірді.
Turkvizyon - "Евровидение" байқауының түркі әлеміне арналған баламасы. Байқаудың аудиториясы 300 миллион адамнан асады. Turkvizyon ең алғаш рет 2013 жылы Түркияның Ескішаһар қаласында өтті. Оған 24 елдің өкілі қатысты. Қазақстанның атынан бақ сынаған Rin'Go тобы финалдың қорытындысы бойынша тоғызыншы орын алған еді.