Қазақстандық әнші Жанар Доғалова өзінің Turkvizyon-2014 байқауындағы жеңісін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Орталық коммуникация қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Қазақстандық әнші Жанар Доғалова өзінің Turkvizyon-2014 байқауындағы жеңісін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Орталық коммуникация қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Turkvizyon-2014 байқауының жеңімпазы Жанар Доғалова конкурстан кейінгі әсері туралы айтып берді. Әншінің айтуынша, оның арманы орындалды - халықаралық байқауда Қазақстанның атын қорғап, жеңіп шығу. "Бұл байқау Қазақстан Республикасының Бірінші президенті күні қарсаңында болды, сондықтан мен өз жеңісімді Мемлекет басшысына арнаймын", - деді Доғалова. Мұнымен қатар, әнші байқауға жүзден астам рет қатысқанын, бірақ оларға қатысып, жарысуды жақсы көрмейтінін айтты. Осыған байланысты ол Turkvizyon байқауына қатысудың алдында көп ойланған екен.
Айта кетейік, "Ізін көрем" композициясын Жанар Доғалова мен Ринат Зайытов бірге жазған. "Сөзбе-сөз түсінбегендердің өзі әрбір нотаны сезгенін айтты. Ән біздің осы заманда өмір сүрсек те Абай, Жамбыл сияқты ұлы бабалардың ұрпағы екенімізді ұмытпауымыздың қажет екені жайында. Қайдан және кім екенімізді есімізде сақтауымыздың қажет екені жайлы", - деді Доғалова.
Продюсер Баян Есентаева баспасөз мәслихатында Жанар Доғаловаға көмектескен команданың әр мүшесі жауапкершілікті түсінгенін, сондықтан байқауға деген дайындықтың өте қатты болғанын айтты. "Біз тек жеңіске жетеміз деп ойладық. Дайындық кезінде-ақ үздік үштікте екеніміз түсінікті болды. Жанардың өнер көрсетуі кезінде мен арнайы залға барып отырдым, мен сол магнетизмді сездім. Екі көрермен қыз маған қарап, қолымдағы Қазақстан туын көрген соң "Жанар Доғалова өнер көрсеткенде ғажап болды" деп айтты", - деді Есентаева. Сонымен қатар, продюсер тілшілердің сұрағына жауап беріп жатып Turkvizyon байқауының жеңімпазы болған соң әншінің гонорары көтерілетінін айтты.
Астана мәдениет басқармасының жетекшісі, байқаудың Қазақстан атынан қазылар алқасына кірген мүшесі Болат Мажағұлов Доғалованың мүмкін болған 240 ұпайдан 225 ұпа алғанын атап өтті. "Жанар Доғалова финалда бірінші болып өнер көрсетті де өзге қатысушыларға бағыт бере білді", - деді Мажағұлов.
Еске сала кетейік, 21 қарашада Қазақстан әншісі Жанар Доғалова Қазанда (Татарстан) өткен Turkvizyon-2014 байқауының жеңімпазы атанды. Ол "Ізін көрем" әнімен өнер көрсетіп, 225 балл ұпай жинады. Байқауда екінші орынды 201 балл алған Татарстан әншісі Айжар Сүлейман иеленді, үшінші орын 199 балл алған Zaman тобына бұйырды. Вокалистердің өнерін байқауға қатысушы елдердің бір-бір адамынан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады. Байқаудың финалына Қазақстан, Татарстан, Түркия, Башқұртстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Македония, Иран, Қырым, Босния және Герцеговина, Болгария, Якутия, Әзірбайжан және Түрікменстан елдерінен барлығы 15 өнерпаз қатысты.