"Блестящие" тобының негізін қалаған және оның продюсері Андрей Грозный "7 дней" басылымына жазда қатерлі ісіктен қайтыс болған белгілі әнші Жанна Фрискенің өміріне қатысты белгісіз деректі айтып берді.
"Блестящие" тобының негізін қалаған және оның продюсері Андрей Грозный "7 дней" басылымына жазда қатерлі ісіктен қайтыс болған белгілі әнші Жанна Фрискенің өміріне қатысты белгісіз деректі айтып берді.
Әншіні 25 жасында белгісіз біреулер тонап, мұрнын бұзып кеткен. Продюсердің айтуынша, бұл оқиға 1999 жылы болды. "Фриске Новогиреево ауданында блоктан салынған он екі қабатты үйде тұрды. Ол сол кезде танымал болатын, ал үйі қарапайым, домофоны да болмаған. Мен оған әрдайым былай дейтінмін: "Осы үйден көшу керек, бұл жер қауіпті". Бірақ Жанна өзінің кішігірім пәтеріне еурожөндеу жасап, ол үйден кетуден біржола бас тартты. Ол өзіне жаман ешнәрсенің болмайтынын айтатын... Бір күні оған шабуыл жасалды. Біреулер оны кіреберіс жерде аңдып тұрып, бетінен ұрып, пәтеріне кіргізген. Қарақшыларды таппады. Олар бар ақшаны және тек сары алтынды алып кеткен. Ал Фрискенің жақсы көретін ақ алтыннан жасалған және одан да қымбат әшекейлері орнында тұр. Қымбат сағатына да тиіспеген. Қымбат металдардан хабарлары жоқ екені көрініп тұр", - деп еске алды Андрей Грозный.
"Мұны естіген соң, тез жетіп бардым. Жаннаны ауруханаға апардық. Сонда бұзақылардың оның мұрнын сындырғаны анықталды. Бірақ Жанна қандай жағдай болмасын көңілді болатын. Ол былай деді: "Кез келген жамандықтан кейін жақсылық болады. Менің мұрным маған ешқашан ұнаған емес". Есіңізде болса, Жанна қоңқақ мұрынды болатын. Кейіннен ол дәрігерге көрініп, мұрнын дұрыстады. Содан барлығы Фрискені пластикалық операция жасады деп айтып жүрді. Ол өзі мұндай өсектерге философиялық көзқараспен қарады. "Қандай әділетсіздік, Андрей! - деп күлетін. - Мұрын туралы да айтылды, енді операция жайлы да өтірік айтып жатыр!" Кейіннен біз Жаннаны Высоцкий тұрған "Улица 1905 года" үйіне көшірдік. Тонау оқиғасынан кейін топтағы қыздардың барлығында бір жарым жыл, ал Жаннада күзет соңына дейін болды", - деді ұжымның негізін қалаушы.
Еске сала кетейік, Жанна Фриске 2015 жылдың 15 маусымында өзінің Мәскеу маңындағы үйінде 41 жасқа жетпей қайтыс болған еді. 2013 жылдың ортасында Фрискеге қауіпті диагноз қойылды: бассүйек-ми қатерлі ісігі. Жанна тыңдармандардан жиналған ақшаға Германия, АҚШ және Қытай емханаларында ем алды. Ісіктен көру қабілеті нашарлаған Фрискенің жағдайы біртіндеп жақсара бастады. Айтарлықтай салмақ тастады. Арбаның көмегінсіз жүріп-тұра бастады. Дегенмен ол ауыр дертті жеңе алмады.