18 маусым 2019 | 11:01

"Жаныңыз қай тілде ән салады?" The Spirit of Eurasia фестивалінде әлемнің 14 елінен әртістер қатысады

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

5-6 шілде күндері өтетін The Spirit of Eurasia 2019 Халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалінің қатысушылары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

5-6 шілде күндері өтетін The Spirit of Eurasia 2019 Халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалінің қатысушылары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық көрермендер Ak Dan Gwang Chil (Оңтүстік Корея), UDU (Литва/Бурятия) және Shono (Бурятия) топтарының өнерін тамашалай алады. The Spirit of Eurasia астана тұрғындарын тамсандырған The Spirit of Astana фестивалінің жетілдірілген түрі. Дәстүрге сай шоу Нұр-Сұлтанның ең басты open-air алаңында өтеді. Алаң "Бәйтерек" монументінің жанында. Шоу сағат 17.00-де басталады.

Сондай-ақ фестивальге кіру тегін. Тамаша концепциясы бар шоу Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен, Қазақстандағы жастар жылы аясында өтеді. Қонақтарды Wyndham Garden Astana қонақүйі қарсы алады. Фестивальдің ресми суы - Calypso.

Оңтүстіккореялық Ak Dan Gwang Chil тобы 2015 жылы Оңтүстік Кореяның азат етілуіне 70 жыл толуына орай құрылған. Бұл топ көне Хванхэ-до шаман әндерінен құралған музыканы шырқайды. Осы музыка арқылы олар бүкіл әлеммен тілдескісі келеді. 

"Біз сіздермен кездесуді асыға күтіп жүрміз. Себебі біз шығармашылығымызбен қатар бірегей корейлік этникалық музыканы жеткізгіміз келеді. Қазақстан жайлы естулеріңіз бар ма? Әрине! Біз бұл елдің керемет табиғаты және тұрғындардың қонақжайлығымен танымал екенін білеміз. The Spirit of Eurasia фестивалінде өнер көрсету біз үшін абырой. Сондай-ақ өнер көрсетуімізді адамдар жылы қарсы алатынын да білеміз. The Spirit of Eurasia фестиваліне келіңіздер, бірге ән шырқап, би билейік. Нұр-Сұлтанда қауышқанша!", - деді музыканттар.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтандағы фестивальде литвалық-бурятиялық UDU тобы да алғаш рет өнер көрсетпекші. The Spirit of Tengri жобасы бурятиялық әнші Александр Архинчеев пен Marga Muzika тобының мүшелері Лаурита Пеленьютен және Тадас Дешукастың басын қосты. 

Marga Muzika тобының мүшесі Дешукас былай дейді: "Сәлеметсіздер ме, достар! 5-6 шілдеде біз Қазақстанға The Spirit of Eurasia фестиваліне жобамызбен келеміз. Бұл жоба осы фестиваль аясында пайда болды. UDU жобасы екі халықты, бурят және литвалықтарды біріктірді, олармен бірге Shono тобының мүшелері Александр Архинчеев пен Константин Токарский ән шырқайды. Көріскенше!"

"UDU - біздің жердегі қасиетті су. Ол біздің барлығымызды біріктіреді. Біздің денеміз су тамыры, онда бабаларымыздың генетикалық коды бар. Халық әні - бұл өзіміздің ішкі жан-дүниемізге назар аудару. Сіздің жаныңыз қай тілде ән салады?", - дейді музыканттар.

Сондай-ақ The Spirit of Eurasia фестивалінде бурятиялық Shono тобының ерекше өнер көрсетуін де тамашалауға болады. Бұл топтың атауы "бөрі" деп аударылады. Дәл осы жануар бурятиялық бір рудың тотемі болып саналады. Топтың негізін қалаушы Александр Архинчеев вокал техникасын қолдана отырып ән шырқайды, оған қоса көмеймен де ән салады. Сонымен қатар ол эстрадалық және этникалық аспаптарда ойнайды. Оның ішінде ішекті морин-хууре, сух-хууре және үрмелі - лимбэ. Оның репертуарында халық әні және өзі шығарған әндер бар. Рок рифі мен бурятиялық әуеннің үйлесуі керемет әсер береді.

"Сәлеметсіздер ме, достар! Сіздерді 5-6 шілдеде Нұр-Сұлтанда өтетін The Spirit of Eurasia 2019 фестиваліне шақырамын. Shono тобы сіздердің шуақты, қонақжай елдеріңізге сіздерді қайтадан қуанту үшін оралғанына қуаныштымын", - деді Александр Архинчеев.

Музыка мерекенің көрермендері мен қонақтарын жобаға қатысушы елдер туралы интерактив фильмдердің үйлесіміндегі жанды музыкалық орындалулардан тұратын қойылым күтеді. Халық қазіргі заманғы технологиялармен тамаша интеграцияланған дәстүрлі аспаптардың керемет үні шығатын таңғалдырар әлемге түседі.

Сондай-ақ, The Spirit of Eurasia 2019 аумағында жәрмеңке мен этникалық шеберлер қалашығы ашылады. Онда қонақтар қолдан жасалған музыкалық аспап, кәдесыйлар мен киім-кешек сатып ала алады. Фан-аймақтың маңында тамақтану орындары ұйымдастырылады.

Бұл Қазақстан астанасының тұрғындары мен қонақтарының сүйікті, өзіндік ерекше атмосферасы бар ұмытылмас музыкалық мереке. Фестиваль сахнасы алаңның кез келген жерінен көруге болатындай етіп орнатылады. 

The Spirit of Eurasia екі күндік музыкалық шоуы - 2012 жылы Tengri FM радиостанциясы негізін қалаған The Spirit of Tengri халықаралық жобасы отбасынан шыққан фестиваль. Бұл мультимәдени жобаның мақсаты - Қазақстанда заманауи EthnoWorld музыкасының ең танымал өкілдерін біріктіре отырып, ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасын таныстыру. Нұр-Сұлтандағы музыкалық мереке биылғы жылдың екінші шарасы болмақ, біріншісі - 25-26 мамыр аралығында Алматыда өткен The Spirit of Tengri фестивалі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети