24 қыркүйек 2020 | 09:46

"Жеңіс туралы ойламадым". Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуынан алған әсері мен алдағы жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуынан алған әсері мен алдағы жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конкурс нәтижесі жарияланғаннан кейін Данэлия әсерін айтты.

"Менен бұл жерде шоуда жеңіп, миллион алсаң не істейсің деп жиі сұрайтын. Шынымды айтсам, мен бір рет те жеңіс туралы ойламадым, тіпті адамдар мұнша ақшаны не істейтінін елестете де алмаймын. America’s Got Talent шоуына қатысу – өмірдегі қандай да бір кезеңнен өту емес. Үздіксіз еңбектенсең, көп нәрсеге қол жеткізуге болатынына шоу арқылы тағы көзім жетті. Қазір жарты жыл бойы күн сайын жасаған жаттығулар артта қалды, бұл тағы қайталана ма, білмеймін. Бірақ бұл - керемет тәжірибе.

Сондай-ақ мен ғаламның әр түкпірінен түрлі тағдыры бар, ерекше адамдармен таныстым. Олар ештеңеге қарамастан арманына ұмтылады және талантын жария етуге дайын. Бұл күш береді. Шоу қатысушыларына жын жүректен табыс тілеймін. Сонымен қатар, әділ қазы мүшелеріне әр пікірі және бағасы үшін алғыс айтамын, бәрі жүрегімде мәңгі қалады. Және, әрине, қасымда болған, қолдаған, дауыс берген, тілек айтып, пікір жазған барша жанға үлкен рақмет, мен үшін мұның орны бөлек, бағалы", - деді жас әнші.

Сонымен қатар, Данэлия финалға қалай дайындалғанын айтты.

"Финалға дайындалу тәжірибесі оңай болған жоқ. Себебі дайындыққа санаулы күн қалған. Оның үстіне шаршағаным сонша, кейде дауысым шықпай қалатын. Бірақ мен өзімді мақтан тұтамын, себебі осындай қысқа уақытта өте қиын композицияны дайындадым. Бұл ән менің жобадағы құлшынысымды, сахнаға шыққым келгенін, менің күшім мен сенімділігімді көрсете алатын болғандықтан, осы әнді таңдадым", - деді ол.

Жас әнші Алматыға жеткен соң бірден сабаққа кірісетінін жеткізді.

"Алдағы шығармашылық жоспар туралы айту қиын. Себебі тек мен емес, менің командам жақсылап демалуы керек. Ал үйге келген соң мен бірден сабағыма кірісемін. Айтпақшы, мен қашықтан оқыдым, сабақтан "қалмадым", - деді Данэлия.

Еске салайық, Данэлия Төлешова America's Got Talent байқауының финалында жеңіліп қалды. Биылғы America's Got Talent шоуының жеңімпазы Брендон Лейк болды. Ол бір миллион доллар жеңіп алды. Сондай-ақ Данэлия жартылай финалда көрермендер көп дауыс берген үздік үш қатысушының бірі болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети