Қарағандыда Ninety One тобының концертінің өтпеуінің себебі: жалға алған ғимараттың ақысын төлемеген

19 Қазан 2016, 18:21
0
Қарағандыда Ninety One тобының концертінің өтпеуінің себебі: жалға алған ғимараттың ақысын төлемеген - © Yvision
© Yvision

Ninety One тобының концертін ұйымдастырушылар Қарағандыдағы циркке жалға алу ақысын төлемеген. Концерт Ninety One тобының концерт ұйымдастырушылары тарапынан келісімді орындамаудан болмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның пікірінше, концерт ұйымдастырушылары циркті жалға алу құнын төлемеген. Ғимарат әкімшілігі билеттің барлығы сатылғандықтан төлем жасалады деген ойда болған. Бірақ ұйымдастырушылар төлем жасмағандықтан, концерт өткізілмейтін болды.

"Қарағанды облысының басшылығы концертке тиым салған жоқ. Концерт ұйымдастырушылар кінәсінен болмай қалды. 18 қазан сағат 19:00-де қазақстандық Ninety One тобының концерті осы топ атынан концертті ұйымдастырушылардың заңды процедураларды орындамады және жалға алу ақысын төлемеді. Сатылған билеттердің ақысы толықтай қайтарылды", - деді басқармадан.

Сонымен қатар, концерт болуы керек күні цирктің алдында Ninety One табынушылары мен топқа қарсы адамдар жиналған. Екі жақ болып бөлінеген адамдар тобыры өз позицияларын айтып дауласты. Осы көріністі куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Еске салайық, 18 қазанда Қарағандыда атышулы Ninety one тобының концерті өткізілмей қалды. Ал, бүгін концерт Жезқазғанда да өтпейтіні белгілі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, топтың концерттерінің өтпеуінің себебі әншілердің имиджіне қарсы болған белсенді жастар концерттің болмауын талап еткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай