13 наурыз 2014 15:48

Қарағандылық Қалжан Ресейдегі "Дауыс" шоуында бақ сынамақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалжан Темірбаев. ©allinfo.kz Қалжан Темірбаев. ©allinfo.kz

Қарағандылық Қалжан Темірбаев Украинадағы "Дауыс" атты шоудан соң осы шоудың Ресейдегі нұсқасына қатысуды жоспарлар отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Украинадағы шоуда 47 жастағы Қалжан тамаша өнер көсетсе де, тәлімгердлердің ешқайсысы оған бұрылмаған. Қалжан Темірбаев "Памяти Карузо" атты әнді орындаған болатын. Кейін "Дауыс" шоуының тәлімгерлерінің бірі "Океан Эльзы" тобының көшбасшысы Святослав Вакарчук оның ән таңдауда қателескенін айтты. Әбділқазылар алқасы одан өз тілінде ән айтуын өтінеді. Сол кезде қазақтың халық әнін асқақтата орындаған Қалжан тәлімгерлерді таңғалдырды. Алайда бұл уақытта бәрі кеш еді. Қалжан Темірбаев өзінің сұқбаттарында "Памяти Карузо" әнін оған "Дауыс" шоуының ұйымдастырушылары таңдағанын айтты. "Мен іріктеу кезеңінде екі ән әзірлеген болатынмын, Алайда маған осы әнді айту тапсырылды. Бір айдан кейін өткенім туралы хабарлама келді. Бірден билет алып, Украинаға бардым. Бұл жерде де маған "Карузоны" айтасың деді. Мен тіпті дайындалып та үлгерген жоқпын. Әнді жазуға таңертең барсам да, кезегім түнгі он екілер шамасында әрең келді", – дейді ол. Қалжан Темірбаев өмірге философиялық көзқараспен қарайды. Бұған дейін ол X-фактор байқауына да қатысқан, алайда ақтық сынға жете алмады. Ол "Қазақстан дауысы" шоуына да қатыспақ болған екен, ұйымдастырушылар жасыңыз сәйкес келмейді деп қатыстырмапты. "Жарық дүниені Алла жаратты. Кейде біз қолымыздан бірнәрсе келмей жатса, жаратқанға ренжіп жатамыз. Несіне ренжиміз? Не болса да жақсылыққа балау керек. Мені байқауда төрешілер мақтап жатады, несіне мақтайды? Алла маған дауыс берді, ал мен бар болғаны ән саламын" дейді Қалжан. Кішкене кезінде Қалжанның вокалмен айналысуға мүмкіндігі болмапты. Ол ән айтуды 2008 жылдан бастап қолға алған. Темірбаев Қарағандыда өткен орыс романстары байқауына қатысып, сол жерде педагог Тамара Медведеваны жолықтырып, вокалдан сабақ алған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети