30 қараша 2020 07:17

Қарақат Башанова "Балалар Евровидениесі-2020" байқауында екінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан екінші жыл қатарынан "Балалар Евровидениесі" конкурсында екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан екінші жыл қатарынан "Балалар Евровидениесі" конкурсында екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Биыл еліміздің атынан 12 жастағы Қарақат Башанова өнер көрсетті. Ол қайтыс болған әкесіне арнап, финалда Forever әнін шырқады. Қарақат әкесінен жеті жасында айырылған.

Биыл "Балалар Евровидениесі-2020" байқауын Польша ұйымдастырды. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты қатысушылар өз елінде ән айтты. Қарақат Башанова конкурста екінші болып өнер көрсетті. 

Дауыс беру нәтижесі бойынша бірінші орынды Франция өкілі - Валентина алды. Ол 200 ұпай жинады. Содан кейін 152 ұпаймен Қарақат Башанова екінші орынды иеленді. Ал үшінші орынды Испания өкілі Солеа алды.

Биыл конкурсқа Қазақстан, Франция, Беларусь, Сербия, Испания, Германия, Грузия, Мальта, Нидерланды, Украина және Польша өкілдері қатысты. 

Еске салайық, былтыр "Балалар Евровидениесі-2019" конкурсына отандасымыз Ержан Максим қатысып, екінші орын алған еді. Ол кәсіби әділ қазы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша 227 ұпай жинаған. Бірінші орынды польшалық Виктория Габор 278 ұпаймен алған еді. Ал үшінші орынды Испания өкілі Мелани Гарсия (212) иеленген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети