03 қараша 2014 10:48

Қатерлі ісікке шалдыққан Жанна Саттароваға операция жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанна Саттарова. ©meloman.kz Жанна Саттарова. ©meloman.kz

Қатерлі ісікке шалдыққан қазақстандық әнші Жанна Саттароваға Сеулде операция жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның сіңлісі Гауһар Саттароваға сілтеме жасап.


Қатерлі ісікке шалдыққан қазақстандық әнші Жанна Саттароваға Сеулде операция жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның сіңлісі Гауһар Саттароваға сілтеме жасап.

"Жанна Саттароваға 3,5 сағатқа созылған операция жасалды. Ол наркоздан кейін есін жиды. Дәрігер Жаннаның мықты екенін айтты", - деп жазды Гауһар Facebook-те әртістің емделуіне қаражат жинау туралы хабарлама жарияланған топта.

Жанна Саттарованың достары мен әріптестері 7 қараша күні Алматыдағы барлардың бірінде әншіні қолдау мақсатында қайырымдылық концертін өткізеді. Кеште Жәмила Серкебаева, JCS тобы, Жанна Орынбасарова, Ирэн Аравина, Ғазиза Ғадрахманова, Әли Оқапов, Нұргүл Нұғманова, Лидо, Виктор Хоменков, Диана Макина, L дуэті, Steps, Twinkle jazz топтары және басқалар өнер көрсетеді. 

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, концерттен түскен қаражат химия терапиясы мен сауығуға мұқтаж әншінің емделуіне жұмсалады. Қазақстан джазы ханшайымының қатерлі ауруға шалдыққаны 29 қазан күні мәлім болды. Кейін бұл ақпаратты оның сіңлісі Гауһар Саттарова растады. Жаннаға көмектескісі келетіндер Facebook-те арнайы ашылған топта көрсетілген есепшотқа кез келген соманы аудара алады.

Жанна Саттарова - Қазақстанда джазвумен образында өнер көрсететін тұңғыш әншілердің бірі. Ол елімізде де, шетелдерде де өнер көрсетеді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети