Қайрат Нұртас Көк базарда, Төреғали Төреәлі метрода ән айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртас Көк базарда, Төреғали Төреәлі метрода ән айтты Видео кадрынан

Қазақстандық шоу-бизнес бизнес өкілдері мен тележүргізушілер халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік бейнероликке түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шоу-бизнес бизнес өкілдері мен тележүргізушілер халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік бейнероликке түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ролик сюжеті бойынша, танымал әншілер (Сәкен Майғазиев, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі), тележүргізушілер (Зейін Әліпбек, Нұрсұлтан Құрман, Азамат Әбілхайыр) қоғамдық орындарға барып, ақ жаулықты аналар және қыз-келіншектермен жүздеседі, оларға гүл шоқтарын ұсынады, бірігіп Шәмші Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" әнін айтады. Әдетте, тек экран арқылы құттықтау жолдайтын жұлдыздар бұл жолы халықтың ішіне енеді, етене араласады.

Өз кумирлерін күтпеген жерден кездестірген қыз-келіншектердің, аналардың эмоциясы, іс-әрекеті, лебіз-тілегі, қосылып шырқаған әні - барлығы реалити-форматта берілмек. Түсірілім қоғамдық орындарда, көпшілік жүретін орталарда өтетіндіктен, жалпыхалықтық сипат алады. Анаға деген махаббат, аруға деген ілтипат айналаны түгел біріктіріп, жобаның ауқымын ұлғайтпақ.

"Хабар" арнасы бастаған жобаның мақсаты - шуақты мерекеге орай көрерменге тосынсый, тың жоба ұсыну. Ару-аналарға деген құрмет-қошеметті арттыру, шексіз алғысты жеткізу, жүрек түкпіріндегі ең нәзік сезімдерді қозғау. Эфирде рейтінгісі, интернетте қаралымы жоғары жалпыхалықтық жоба жасау. "Бейтаныс аруларға гүл сыйлау" челледжін бастау екен.

Бейнеролик бірнеше жерде түсірілген. Қайрат Нұртас Көкбазарда, Сәкен Майғазиев вокзалда, Төреғали Төреәлі метрода, ал тележүргізушілер қала көшелерінде гүл сыйлап, ән шырқайды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети