12 қыркүйек 2020 09:58

"Қайрат Нұртас күзетшіге шабуыл жасады". Әншінің өкілі пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/kair_n © instagram.com/kair_n

Қайрат Нұртасқа Ақтаудағы бесжұлдызды қонақүйдің күзетшісіне шабуыл жасады деген ақпарат тарады. Әншінің өкілі пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қайрат Нұртасқа Ақтаудағы бесжұлдызды қонақүйдің күзетшісіне шабуыл жасады деген ақпарат тарады. Әншінің өкілі пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін e-gazet.kz басылымы Ақтауда қазақстандық әнші Қайрат Нұртас мас күйде қонақүйдің күзет қызметінің өкіліне шабуыл жасады деген хабар таратқан.

Қайрат Нұртастың Instagram желісіндегі парақшасына қарағанда ол расында Ақтауда отбасымен демалуға барған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Ақтау полициясы Қайрат Нұртастың бұл оқиғаға қатысы бар-жоғын айтпады. Бірақ бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын растады.

"Ақтау қаласындағы қонақүйлердің бірінде бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қалалық полиция басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кінәліге қатысты оның кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті шешім сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады полициядағылар.

Әртістің директоры Мира Келімбетова Қайрат Нұртас төбелеспегенін айтты.

"Қайрат төбелес шығарған жоқ, ешкімнің мұрнын бұзған жоқ. Бұл жалған ақпарат. Қайрат өте тәрбиелі, дипломат адам. Біреу оның атына кір келтіргісі келген шығар", - деді Мира Келімбетова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети