02 ақпан 2015 16:30

Қайрат Нұртас пен Жанар Доғалова бейнебаян түсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Instagram.com/kair_n ©Instagram.com/kair_n

Қайрат Нұртас Жанар Доғаловамен бірге бейнебаян түсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Доғалованың продюсері Баян Есентаеваға сілтеме жасап. 


Қайрат Нұртас Жанар Доғаловамен бірге бейнебаян түсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Доғалованың продюсері Баян Есентаеваға сілтеме жасап. 

Пордюсердің айтуынша, бейнебаян "Сен мені түсінбедің" әніне түсірілмекші. "Бейнебаян Алматыда ертеңнен бастап түсіріледі. Бұл идея Қайрат Нұртастың да, біздің де көңілімізден шықты. Сондықтан осындай туынды жасап шығуға бел будық", - деді Есентаева. Оның айтуынша, әннің бейнебаяны ақпан айының соңына қарай шығып, отандық телеарналардан берілетін болады. 

Айта кетейік, екі әнші бұл әнді Қайрат Нұртастың 3D концертінде орындаған еді. Ал осыған дейін БАҚ-тарда Жанар Доғалованың Қазақстанның тағы бір әншісі Айқын Төлепбергенмен дуэт орындайтыны туралы хабарланған болатын. Ол кезде де Баян Есентаева мұның жақсы идея екенін айтқан еді.

Еске сала кетейік, Жанар Доғалова өткен жылдың қараша айында Turkvizyon-2014 байқауының жеңімпазы атанған болатын. Жанар Доғалова "Ізін көрем" әнімен өнер көрсетіп, 225 балл ұпай жинады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети