Қайрат Нұртас. ©Роза Есенкулова
"Прайм Плаза" ойын-сауық сауда орталығына қатысты іске байланысты белгілі әнші Қайрат Нұртас айыппұл төлеуі немесе 5 тәулікке қамалуы мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сот Әуезов аудандық прокуратурасына Қайрат Нұртастың сотқа келмеуіне орай қаулы шығарды. Әнші "Прайм Плаза" сауда орталығындағы тәртіпсіздікке қатысты ең басты куәгер. Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қайрат Нұртастың сотқа құрметпен қарамауы туралы қаулы жақын күндері прокуратураға жіберілмек. Әкімшілік құқық бұзу Кодексіне сәйкес сотқа құрмет көрсетпеген азаматтар 10-20 айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл төлейді немесе 3-5 күнге қамауға алынады. Сотқа Қайрат Нұртастан басқа 2013 жылы караоке-концертті ұйымдастырған Аэлита Хабибуллина да келмеген, оған қатысты да қаулы шығарылған. Әнші Қайрат сотқа келмеу себебін гастрольдік сапарда болғанымен түсіндіреді. Бұрында айтылғандай, Қайрат Нұртастың жұмыс графигі өте тығыз. Әнші наурыз айының соңына дейін Алматыға келмейтін көрінеді. Әншінің продюсері Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, алдын ала жоспарланған концерттерді, гастрольдік сапарларды тастап, сотқа қатысу мүмкін болмады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы "Прайм Плаза" ойын-сауық орталығында концерт кезінде Қайрат Нұртас сахнада бір-ақ ән айтқаны үшін жастар дүрлігіп, жаппай тәртіпсіздік орын алған еді. Концертке келген жастар сахнаға бөтелке, тас лақтырып, 90 адам жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Осы іске қатысты 10 адам сот алдында жауап берді. Олардың әрқайсысы түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Ал сауда орталығының директоры өзінің міндетін немқұрайлы орындағаны үшін 1,8 миллион теңге айыппұл төледі. Ал Қайрат Нұртас өзінің сахнада өнер көрсетуін ұйымдастырушылардың сұрауымен тоқтатқанын баспасөз жиынында айтқан болатын.
"Прайм Плаза" ойын-сауық сауда орталығына қатысты іске байланысты белгілі әнші Қайрат Нұртас айыппұл төлеуі немесе 5 тәулікке қамалуы мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сот Әуезов аудандық прокуратурасына Қайрат Нұртастың сотқа келмеуіне орай қаулы шығарды. Әнші "Прайм Плаза" сауда орталығындағы тәртіпсіздікке қатысты ең басты куәгер.
Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қайрат Нұртастың сотқа құрметпен қарамауы туралы қаулы жақын күндері прокуратураға жіберілмек. Әкімшілік құқық бұзу Кодексіне сәйкес сотқа құрмет көрсетпеген азаматтар 10-20 айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл төлейді немесе 3-5 күнге қамауға алынады.
Сотқа Қайрат Нұртастан басқа 2013 жылы караоке-концертті ұйымдастырған Аэлита Хабибуллина да келмеген, оған қатысты да қаулы шығарылған. Әнші Қайрат сотқа келмеу себебін гастрольдік сапарда болғанымен түсіндіреді. Бұрында айтылғандай, Қайрат Нұртастың жұмыс графигі өте тығыз. Әнші наурыз айының соңына дейін Алматыға келмейтін көрінеді. Әншінің продюсері Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, алдын ала жоспарланған концерттерді, гастрольдік сапарларды тастап, сотқа қатысу мүмкін болмады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы "Прайм Плаза" ойын-сауық орталығында концерт кезінде Қайрат Нұртас сахнада бір-ақ ән айтқаны үшін жастар дүрлігіп, жаппай тәртіпсіздік орын алған еді. Концертке келген жастар сахнаға бөтелке, тас лақтырып, 90 адам жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Осы іске қатысты 10 адам сот алдында жауап берді. Олардың әрқайсысы түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Ал сауда орталығының директоры өзінің міндетін немқұрайлы орындағаны үшін 1,8 миллион теңге айыппұл төледі.
Ал Қайрат Нұртас өзінің сахнада өнер көрсетуін ұйымдастырушылардың сұрауымен тоқтатқанын баспасөз жиынында айтқан болатын.