Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қайрат Нұртасты арандатуға неге құмармыз?

10 Шілде 2014, 17:14
2
©Massaget.kz
©Massaget.kz

«Жұрттың алды болсаң көз тиеді, соңы болсаң сөз тиеді» демекші, кейінгі кездері елдің ерекше назарына іліккен әнші Қайрат Нұртастың басы даудан бір арылмай-ақ қойды. Қайраттың суреті бар афишаларды көрсек, «әйтеуір тыныштық болса екен» дейтін болдық. Қайраттың жолын кес-кестегісі келетіндер ел алдында оның беделін түсіргісі келе ме, неде болса, «жағымсыз пиар» белең алып кетті. Жұрттың бәрі талқылап жатқан «Қайраттың дауына» «Алаш айнасы» да үңіліп көрген еді.

Қайрат Нұртас қандай да бір салтанатты шараға қонақ ретінде шақырылыса, оның тыңдармандары әншінің жеке концерті өтетіндей жиналады. Сондықтан тыңдарманы көп, үлкен-кішінің ерекше ықыласына бөленген жұлдызды әнші көптеген салтанатты іс-шараларға, концерттерге, тойларға жиі шақырту алады. Әншінің анасы Гүлзираның айтуынша, Қайрат шамасы келгенше өзінің тыңдармандарының көңілін қалдырмау үшін ұйымдастырушылармен келісімшарқа отырып, келіскен жерге барады.

Бұл жолы да әнші Алматыдағы МСKZ жаңа музыкалық арнаның ашылу салтанатына қонақ ретінде шақырылған. Алайда ұйымдастырушылар соңғы сәтте аталған іс-шараның өтетін орнын Балуан Шолақ спорт сарайынан қарапайым мейрамханаға ауыстырып тастаған. Осы жағдайға байланысты әншінің фанаттары өздерінің наразылығын білдірген. Салтанатты шара басталатын уақытта әншінің тыңдармандары спорт сарайының алдына жиналғанда олар ғимараттың алдындағы хабарламаны көреді. Онда мерекелік шараның басқа жерге ауыстырылғаны жазылған.

Кейіннен белгілі болғандай, ұйымдастырушылар тиісінше билет сата алмаған. Сондықтан шараны спорт сарайынан мейрамханаға ауыстырыпты. Алайда жиналған қауым мейрамханаға сыймай қалды. Өйткені зал 300 адамға ғана арналған, ал сатылған билет саны 700. Осы кезде көрермендер де, продюсерлер де ұйымдастырушыларды таба алмады.

Қайрат Нұртастың анасы бұл жағдайды әдейі арандату деп санайды. "Ұйымдастырушылардың бәрі қашып кетті, ешкім оларды таппай қалды. Бізден басқа ешкім жоқ. Олар бізге ұшаққа билет алып бермекші болған. Менің түсінгенім, бұл Қайратқа қарсы ұйымдастырылған арандатушылық. Халықтың алдында ұятқа қалмау үшін біз өзіміз ұшаққа билет алып, ұшып келдік", дейді Гүлзира Айдарбекова.

Алайда спорт сарайындағылардың айтуынша, ұйымдастырушылар МС KZ музыкалық арнасының ашылуына байланысты әншінің қатысуымен өтетін концерттік шараның бұл жерде өтпейтінін алдын ала білген. "Олар 4-іне дейін жалға алу құнын төлеу керек болған. Содан кейін ғана біз оларды кіргізу керекпіз. Олар 2-сі күні бас тартты. Сондыарандатуғақтан біз өткізілетін шараның мұнда болмайтынын хабарладық", дейді спорт сарайының директоры Серік Қанағат.

Ең қынжылтатыны, көптеген мерекелік шараларды ұйымдастырушылар әншінің беделіне нұқсан келеді-ау, сонша ақшаға билет сатып алған қарапайым халыққа обал-ау дегенді ойларына да алмайды, тек өздерінің қара бастары мен қалталарының қамын ғана ойлайды. Осы жолы арнаның арбауына түскен әнші де, жианлған қауым да кімге кінә тағарларын білмей дал болып қалды. Қайта Қайрат өзінің абыройын одан әрі түсіріп алмау үшін де, халықтың наразылығын одан әрі күшейтпеу үшін тар жерде қиналса да 2 сағат ән шырқады. Сондықтан Қайрат танымал әншіге лайық күтілмей қалдым, құрметке ие бола алмадым, ұйымдастырушылар сөзінде тұрған жоқ, алдандым демесе, негізінен халықтың алдында абыройын түсірген жоқ. Ыңғайсыз жағдайға түссе де рейтингісін тағы бір сатыға көтерді.

«Қайрат Нұртас түшкірсе де хит» деп пародист Олжас айтпақшы, бүгінде Қайраттың аты аталса, жарнама.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай