Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Алакөлде концерт өткізіп, оған көптеген жанкүйер келді. Алайда Желі қолданушылары әншіні карантин талабын бұзды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Алакөлде концерт өткізіп, оған көптеген жанкүйер келді. Алайда Желі қолданушылары әншіні карантин талабын бұзды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеу жүргізіп, ережебұзушылық анықталмағанын мәлімдеді.
"Бүгінгі таңда Үржар ауданы әкімдігінің мониторинг топтарынан Alazone arena концерттік аренасының қызметіндегі ережебұзушылықтар, сондай-ақ Алакөл көлінің жағалауындағы демалушылардан шағымдар мен арыздар түскен жоқ", - деп хабарлады ШҚО СЭБД.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Баспасөз қызметі өкілдері ШҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының, филармониялардың қызметіне 20 пайыздан аспайтын, ал Ashyq жобасына қатысатын объектілерге 40 пайыздан аспайтын мөлшерде жұмыс істеуге рұқсат етілгенін түсіндірді. Қайрат Нұртастың концерті өткен Alazone arena алаңы Ashyq жобасының қатысушысы екені айтылады.
ШҚО СЭБД Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес концерттік арена мәдени және ойын-сауық нысаны екенін және эпидемиялық маңызы болмашы объектілер қатарына жататынын атап өтті.
"Alazone arena концерттерді тек ашық аспан астында өткізетіндіктен, белгілі бір талаптарды ескере отырып, нысан осындай іс-шараларды өткізуге құқылы", - деп түсіндірді департамент.
Еске салайық, кейінгі тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 78 адамнан коронавирус анықталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!