Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында шындыққа айналған қиялы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында шындыққа айналған қиялы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол кезінде баласының жұлдызы жанатынына сенбеген адамдардың мысқыл әңгімесіне түнімен жылаған кездерін еске алды.
"Менің шындыққа айналған қиялым. Бір кездері "Осы баласы әнші болып, бір "звезда" болатындай" деген мысқыл әңгімелерді естігенімде, түнімен ұйықтамадым. Жан-жағыма мән беріп қарасам таң сәр беріп атыпты. Үнсіз жатырмын бірақ көзімнен жас домалай берген, қиялдап жатып жастығым әбден суланып кетіпті.
Көз алдымда үлкен стадион, жарқ-жұрқ еткен әдемі жанған шамдар, балам болса сахнада, өзінің ғана жеке ән-кешінде ән салып тұр, үстіндегі киімі жарқыраған тастармен көмкерілген, ал халық тола, ине шаншар жер жоқ. Міне тура осы көріністер...", - деп бөлісті Гүлзира Айдарбекова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тыңдарманы көп, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас 1989 жылы Түркістанда дүниеге келген. Сахнаға ерте жастан шыққан. "Тәтті сезім" атты алғашқы шығармашылық ән кешін 2008 жылы Алматыдағы Республика сарайында өткізген. Ал бірден хитке айналған "Ауырмайды жүрек" әні 2010 жылы жазылды.
Қайрат Нұртас фильмдерімен де белгілі. Ол 2013 жылы өзі жайлы "Өкініш" фильмін түсірген болатын. Кинокартинада әншінің өмірі мен шығармашылығы баяндалған. Бұдан бөлек, 2016 жылы әнші түскен "Тағдыр" фильмі шықты.
"Қайрат Нұртасқа 5 күзетші керек". Қазақ әншілері той мен концерттерге қандай талаппен шығады?
Әнші Instagram-дағы оқырмандар саны бойынша көш бастап тұр. Оған 5,5 миллион адам жазылған.
Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдукаримова төрт баланың ата-анасы. Олардың Алау мен Сезім есімді қыздары мен Нарұл, Хан атты ұлдары бар. Айта кетейік, жақында Жұлдыз Абдукаримова "Әлем ханымы-2020" конкурсының жеңімпазы атанды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!