Қазақ әншісі Витебскідегі "Славян базары" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

viewings icon 9746 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова Витебскіде өткен "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова Витебскіде өткен "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарына қарағанда, жас орындаушылар байқауының бас жүлдесіне қызу талас болған. Екінші турда вокалшылар бас дирижер Виталий Кульбаковтың басшылығымен Беларусь Президенттік оркестрінің сүйемелдеуімен славян хиттерін орындады.

"Кей әртіске үшін бұл өте қиын сынақ болды. Эквадорлық Ванна сияқты алыс елдерден келген қонақтар орыс тілін үйренуге мәжбүр болды. Оңтүстік Америка елінің өкілі "Да ночкой лунною" әнін акцентсіз орындап шықты. Ал кубалық Улисес Карл "Вдоль по Питерской" ән айтты. Алайда, вокалды оркестрмен үндестіру бәріне бірдей оңай бола қойған жоқ, сондықтан қазылар алқасы болжағандай, байқаудың екінші туры бәрін шеші", - деп жазады БЕЛТА.

Қызу тартыста Қазақстан өкілі Рухия Байдүкенова жеңіске жетті. Үздік орындаушыға бас жүлдені қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыс етті. Кейін жеңімпаздың фотосын Facebook-парақшасында Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев жариялады.

Бірінші орынды Сербиядан келген Ирина Арсениевич, екінші орынды украиналық Рената Штифель мен Даниил Мышковец, үшінші орынды словакиялық Иванна мен Әзербайжаннан келген Тофик Гаджиев бөлісті. Сербиядан келген "Славянская надежда" Президентінің арнайы жүлдесін Беларусь премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко табыс етті.

Қазылар алқасы кеңесіп жатқанда көрермендер алдында Беларусь, Ресей, Украина, Грузия, Қазақстан әртістері өнер көрсетті. Сахнада Николай Носков, Ярослав Сумишевский, Игорь Корнелюк, Ангелина Ломако, Александр Панайотов, Сергей Пенкин, Тео және Ольга Рыжикова, "Корни" тобы ән шырқады.

"Әйтсе де, Димаш Құдайберген сахнаға шыққан кезде, ол қошеметке кенелді, ал оның жанкүйерлері даусы қарлыққанша қолдау білдірді. Әртіске әрі орындаушылар байқауының қазылар алқасының қазіргі мүшесіне фанаттардың қолдауы өте қуатты болды", - деп атап өтті басылым.

Концерт "Салют, фестиваль!" әнімен және отшашумен аяқталды.

Айта кетейік, Талдықорғанда туған 22 жастағы Рухия Байдүкенова вокалмен ерте жастан айналысқан. Қазір бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің "Эстрадалық вокал" мамандығы бойынша үшінші курсында оқиды. Рухия Байдүкенованың диапазоны бес октава.

Еске салайық, 2015 жылы "Славян базары" байқауының бас жүлдесін Димаш Құдайберген жеңіп алған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю