"Қазақконцерт" ұйымына Роза Бағланованың есімі берілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақконцерт" ұйымына Роза Бағланованың есімі берілді Фото ©РИА Новости

"Қазақконцерт" ұйымына КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақконцерт" ұйымына КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Роза Бағланова Қазақконцертте 1960 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін 50 жылдан аса уақыт жемісті еңбек еткен. Қазақконцерттің негізін қалаушылардың бірі, ұйымның әншісі болып қазақтың ән өнерін дамытуға өлшеусіз зор үлес қосты.

Бұл қадам Роза Бағланова есімінің ұлт жадында, келешек ұрпақтың есінде мәңгі сақталуына және уақыт өткен сайын қайта жаңғырып отыруына елеулі үлес қосады деп білеміз", - деп жазды qazaqconcert-парақшасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaqconcert (@qazaqconcert)

Роза Бағланова 1922 жылы Қызылорда облысында туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген.

Роза Бағланова өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы 9-мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.

1947 - 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 - 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады.

Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шетел халықтары (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзірбайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әнін нақышына келтіре орындаған.

1946 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. "Ленин", "Еңбек Қызыл Ту", "Халықтар достығы" ордендерімен, "Шапағат" медалімен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети