1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Қазақстан әншісі "Славян базары-2015" конкурсының бірінші күнінде көш бастады12 шілде 2015, 13:24

Димаш Құдайбергенов. ©News.vitebsk.cc Димаш Құдайбергенов. ©News.vitebsk.cc

Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген Витебскте өтіп жатқан "Славян базары-2015" эстрада әндері орындаушыларының XXIV халықаралық конкурсының бірінші күнінде көш бастады. Жас әнші 90 ұпайдың 89-ын алып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құдайберген Константин Меладзенің "Опять метель" әнін орындады. Қазылар алқасының Латвия өкілі Интарс Бусулистен басқа мүшелері түгелдей ең жоғары балл берді.

©News.vitebsk.cc

Екінші орынды әзірше Беларусьтен келген Валерия Грибусова алып тұр. Конкурстың екінші күнінде, 12 шілдеде қатысушылар әлемдік хиттерді, ал үшінші күнінде өз елінің хит әндерін орындайды. 


Ресейде әскери ұшақ құлады