01 мамыр 2015 | 10:07

Қазақстан Батырхан Шүкеновпен қоштасып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батырхан Шүкеновпен қоштасу. ©  Tengrinews.kz Батырхан Шүкеновпен қоштасу. © Tengrinews.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, БҰҰ балалар қорының ізгі ниет елшісі, көрнекті әнші Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, БҰҰ балалар қорының ізгі ниет елшісі, көрнекті әнші Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңертеңнен бері филармонияның алдына мыңнан аса адам жиналып, сағаттар өткен сайын олардың қатары ұлғая берді. Батырхан Шүкеновтің туған-туыстарына көңіл ату үшін атақты қайраткерлер, әртістер мен Қазақстан әншілері: Ренат Гайсин, Асылбек Еңсепов, Арман Дәулетияров, Сейфуллин Жолбарыс, Нағима Есқалиева, Байғали Серкебаев, Баян Есентаева, Еркеш Шәкеев, Марат Бейсенғалиев келді. Сонымен қатар, ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Алматы әкімі Ахметжан Есімов келді.

"Ол керемет іні, керемет ұл, әке еді. Ол өмір бойы анасының жүрегін сақтады, бірақ өзінікін сақтай алмады. Тіпті оның кетуі бізді соншалықты жақындатты. Біз оның жүрегінің қаншалықты кең екенін сезіндік. Оның жүрегі расында да кең еді. Оның жүрегінің бір бөлшегі әрқайсымызда өмір бойы сақталса екен. Ол әрқайсымызды жақсы көрді, ешкімді жақсы жаман деп бөлген жоқ. Келгендердің, осы қиын күндерде бізбен бірге болғандардың барлығына рақмет", - деді әншінің ағасы Бауыржан Шүкенов.

 

Филармония маңындағы көшелер жабылды. Қалдаяқов пен (Әйтеке би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін) Төле би (Қалдаяқов көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін) көшелеріндегі автокөлік қозғалысына сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін шектеу қойылды. 

Көрнекті әнші Алматының шығыс бөлігінде орналасқан (қала орталығынан 9 шақырым жерде), тау басына - Кеңсайға жерленеді.

Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған шағында, 29 сәуірде жүрек талмасынан Мәскеудегі пәтерінде қайтыс болды. Оның ағасы Бауыржан Шүкеновтің айтуынша, әнші соңғы кездері денсаулығының мәз емесін айтып жүрген. Батырхан Шүкеновтің "Один в один" шоуының дайындығынан кейін үйіне барып, сол жерде өзін нашар сезінгені белгілі болды. Музыкант өзіне жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер Шүкеновтің өмірі үшін екі сағаттан аса уақыт күресіпті, ол бірнеше рет есін жиғанымен оны құтқару мүмкін болмаған. 

Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2014 жылы "Живой звук" шоуының жеңімпазы атанды, ал 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып, көшбасшылар қатарынан көрініп жүрген болатын. 17 мамырда Батырхан Шүкеновтің қатысуымен бағдарламаның кезекті көрсетілімі эфирге шығуы тиіс еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети