13 ақпан 2015 14:36

"Қазақстан Дауысы" жеңімпазы 15 ақпанда анықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Қазақстан" телеарнасы ©"Қазақстан" телеарнасы

"Қазақстан" телеарнасында "Қазақстан Дауысы" музыкалық жобасының жеңімпазы 15 ақпанда анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан" телеарнасында "Қазақстан Дауысы" музыкалық жобасының жеңімпазы 15 ақпанда анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шоудың екінші маусымының гранд-финалы алдағы жексенбіде сағат 21.00-де болады. Финалда төрт қатысушы бақ сынасады. Жеңімпаз SMS арқылы дауыс берудің нәтижесі бойынша анықталады. Орындаушыларға дауыс беру үшін олардың реттік санын SMS арқылы 3075 номеріне жолдауға немесе 8 80 90 80 30 75 номеріне қоңырау шалуға болады. Айта кетейік, байқау жеңімпазына 5 миллион теңге беріледі.

"Өткен жексенбіде корпорацияның веб-порталы (www.kaztrk.kz) арқылы 45 мың адам мегажобаны онлайн-режимде тікелей эфирден көрді, бұл оның алдындағы аптаның көрсеткішінен екі есеге жоғары. Гранд-финал жақындаған сайын құштарлық та артып барады", - дейді шоуды ұйымдастырушылар. 

Әлемге әйгілі The Voice немесе "Голос" телешоуының қазақстандық аналогының бірінші маусымы 2013 жылы жазда басталды. "Қазақстан Дауысы" жобасының бірінші маусымында Қостанай облысынан қатысқан 27 жастағы Шахаризат Сейдахмет жеңімпаз атанды.

"Қазақстан Дауысы" үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде барлық қатысушы тыңдалып, нәтижесінде жюридің әр мүшесі өз тобына орындаушы жинайды. Екінші кезеңде әр топ мүшелерінің арасында жұптық сайыс өтеді. Қорытынды бөлімде халықтың дауыс беруі арқылы жеңімпаз анықталады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети