05 тамыз 2014 17:26

"Қазақстан дауысы" жеңімпазы тұңғыш бейнебаянын түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахаризат Сейдахмет. ©massaget.kz Шахаризат Сейдахмет. ©massaget.kz

"Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы Шахарихат Сейдахмет тұңғыш бейнебаянын түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz. "Мақпалжан" атты әнге түсірілген бейнебаян Youtube-ке орналастырылды.


"Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы Шахарихат Сейдахмет тұңғыш бейнебаянын түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz. "Мақпалжан" атты әнге түсірілген бейнебаян Youtube-ке орналастырылды.

Жаңа әннің сөзін Ержанат Байқабай жазса, әні - Қажымұрат Шешенқұлдікі. Бұл ән бұған дейін осы екі өнерпаздың және Тоқтар Серіковтың орындауында халыққа ұсынылған. Жаңа бейнебаянды AIMVI пордюсерлік орталығы Алматы маңында әлемге әйгілі Nickelback рок-тобының стилінде түсірді. Әнді орындауда электрдомбыра қолданылды.

"Бұл әнге 2005 жылы қызығып, Қажымұрат Шешенқұл ағамыздан рұқсат алғымыз келген еді. Бірақ ол уақытта мүмкіндік бола бермеді. Одан кейін бұл әнді Тоқтар Серіков те, ән авторы да орындады. Бірақ бұл әнді біз өз стилімізде орындап, халыққа жеткізгіміз келді", - дейді Шахаризат Сейдахмет.

Шахаризат Сейдахметтің продюсері - қазақтың тұңғыш электрдомбырасын дүниеге әкелген Нұржан Тойшы. Бейнеклиптен аталған продюсердің жетекшілігіндегі "Алдаспан", "Шарапат" топтарының мүшелерін көруге болады.

"Ән заманауи стильде әрленгенімен фольклорлық бояуын жоғалтпаған. Шахаризат қазақы вокалымен оны өз деңгейінде жетік жеткізген”, - дейді бейнебаян режиссері Бақытжан Желдербаев. Еске сала кетейік, Шахаризат Сейдахмет "Қазақстан дауысы" жобасында бірінші орынды иеленген болатын.

 ©shaharizat_

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети