Қазақстан караокелерінде ең көп айтылатын әндер белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстандықтардың караоке-барларда ең көп айтатын әндері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шолу көңіл көтеру мекемелерінің әкімшілігінен алынған сауалнама негізінде жасалды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың караоке-барларда ең көп айтатын әндері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шолу көңіл көтеру мекемелерінің әкімшілігінен алынған сауалнама негізінде жасалды.

Барлық караоке-барда Григорий Лепстің "Рюмка водки на столе" композициясы айтылады. Бұл ер адамдардың ең жақсы көретін әні, бұл әнге Лепстің тағы бір әні - "Самый лучший день" әні де қосылып отыр. Мекеме әкімшілері бұл әндердің кештің қызған шағында орындалатынын айтты. 

Ал қыздар қауымы болса "ВИА Гра" тобының әндерін, әсіресе "Сумасшедший" және "Бриллианты" композицияларын көп орындайды. Қыздар караокеде қазақстандық "Л дуэтінің" "Донна Осень" әні мен америкалық No Doubt ұжымының Don't speak әніне тапсырыс береді екен. Сонымен қатар, орта жастағы әйелдердің Елена Ваенганың "Курю" әнін көп орындайтыны анықталды.

Рок жанрын сүйетіндер Bon Jovi, Би-2 және Машина Времени топтарының шығармашылығына ден қояды. Мұнымен бірге, жастар жағы Звери ұжымының "Районы, кварталы" әнін таңдайды. Ал егде кісілер кеңес кезіндегі әндерді және Алла Пугачева, Ирина Аллегрованы немесе шансон айтады. Мекеме әкімшілері көп айтылатын әндер деп Рождество тобының "Как хочется жить" әнін атады. Қазақстандық орындаушылардың арасында ең көп айтылатындар - Қайрат Нұртас ("Ауырмайды жүрек"), Ақылбек Жеменей ("Қызыл өрік") және Асхат Тарғынов ("Мария Магдалена").

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro