Қазақстанда тұңғыш рет stop-motion әдісімен бейнебаян түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, клип ресми түрде 12 маусымда жарыққа шықты.
Қазақстанда тұңғыш рет stop-motion әдісімен бейнебаян түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, клип ресми түрде 12 маусымда жарыққа шықты.
Жобаның SMM директоры Бауыржан Жұбантырдың айтуынша, елімізде осыған дейін мұндай стильде клип түсірілмеген. Ал клипті монтаждау жұмыстарын жүргізген әрі режиссері болған - Ермек Закарин.
"Түсірілім жұмыстары сәуір айының басында басталды. Клип екі аптада түсірілді, ал оны монтаждап аяқтауға шамамен 1,5 ай уақыт кетті. Ең қызығы, клипте 1 секундта 8 кадр, жалпы алғанда 2 600 сурет бірден қолданылды. Бұл негізі қиын формат", - дейді Бауыржан Жұбантыр.
Сондай-ақ, ол елімізде осындай stop-motion әдісімен клип түсіру туралы идеяның қайдан келгенін және қазақстандықтардың бұл клипті қалай қабылдағанын айтып өтті.
"Бірде видеороликтерді көріп отырып, Қазақстанда осындай бейнебаянның жоқ екенін айттым. Содан stop-motion-мен клип түсіруді ойладық. Instagram желісі арқылы байқау жариялап, сондағы үздік идеяны алдық. Ал клипті түсірудегі біздің мақсатымыз - осы stop-motion арқылы көрермендерді таңғалдыру еді, алайда көпшілігі клипті түсінбей де қалды", - дейді ол.
Сондай-ақ, жобаның SMM директоры клипті түсірген кездегі қызықты деректі айтып берді. Оның айтуынша, клипте саксофоншы өнер көрсеткен кезде (клиптің 2-ші минуты 24-ші секундында) 250 сурет типографиядан басылып шығарылып, олардың әрқайсысы арнайы қиылған.
"Бірақ біздің аудиторияның көбі бұл клипті мүлде түсінбеді. Яғни, олар stop-motion әдісін түсінбеді. Осы клип шетелде көрсетілгенде ондағы халық бұл еңбекті түсініп, бағалайтын еді", - дейді Бауыржан Жұбантыр.