30 қыркүйек 2021 16:20

"Қазақстанда тұратындардың бәрі туғаным". Наzима эксклюзив сұхбат берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назима Жәнібекова (Наzима) - Black Star лейблінің қазақстандық әншісі. Ол Шымкенттің тумасы, бірақ қазір Мәскеуде тұрады. Жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты туған қаласына сирек келеді.


Назима Жәнібекова (Наzима) - Black Star лейблінің қазақстандық әншісі. Ол Шымкенттің тумасы, бірақ қазір Мәскеуде тұрады. Жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты туған қаласына сирек келеді.

Бірнеше апта бұрын әнші туған жеріне келді. Tengrinews.kz тілшілері Шымкентке барып, Назимамен кездесті. Видеосұхбатта бойжеткен Black Star-дағы жұмысы, гонорары, жеке өмірі және Ресейдегі қазақстандық әртістердің танымалдығы туралы айтты.

Сұхбат барысында тілші Назимадан Мәскеуде жүргенде Қазақстанда болып жатқан жаңалықтарды қарайды ма, жоқ па сұрады.

"Мен бұқаралық ақпарат құралдарынан қарауға тырысамын. Бірақ Қазақстанда отбасың болса, олар жаңалықтарға үнемі жіберіп отырады. Мен Twitter-де Tengrinews-ке жазылғанмын, жаңалықтар жиі шығып тұрады", - деп жауап берді Назима.

"Жақында Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар болғанын естідіңіз бе? Бұл жаңалықты қалай қабылдадыңыз?" - деп жалғастырды тілші.

"Иә, естідім. Бірақ бұл жерде тек туыстарды емес, мен үшін Қазақстанда тұратындардың бәрі туғаным. Әр адам, ол ауылда тұрса да, мен оны білсем де, білмесем де, танымал болғанда әр проблема жақын бола түседі. Бұрын кішкентай кезімде немесе оқып жүргенде бір жаңалықты естісем, жақындарым онда болмағаны қандай жақсы болды деп ойлауым мүмкін еді.

Ал қазір ол маған қатты әсер етеді. Менде ондай болады. Жағымсыз жаңалықты естісем екі-үш күн бойы уайымдап жүремін. Мұндай себептер ғана емес, балалар ұрланған жағдайларда да", - деп жауап берді әнші.

Әнші Қазақстан халқы бақытты болғанын қалайтынын айтып, "балалар бақытты болсын, отбасылар молшылықта болғанын қалаймын және ол заман келеді деп сенемін" деп қосты.

Сұхбаттың мәтін нұсқасын Tengrinews.kz сайтынан 1 қазанда оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети