23 мамыр 2016 18:05

Қазақстандық әнші Әдемі Сосо Павлиашвилимен бірге ән орындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сосо Павлиашвили мен Әдемі © Сосо Павлиашвили мен Әдемі

Қазақстандық әнші Әдемі грузиялық музыкант Сосо Павлиашвилимен бірге "В моем сердце весна" атты композицияны жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Әдемі грузиялық музыкант Сосо Павлиашвилимен бірге "В моем сердце весна" атты композицияны жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сосо Павлиашвили әнші қызды "Новая волна-2015" байқауына қатысып, екінші орынға ие болғаннан кейін байқаған екен. Естеріңізде болса, фестивальде Әдемі ел тарихында алғаш рет жүлделі орынды алған еді.

Біраз уақыт өткен соң Сосо Павлиашвилидің Қазақстандағы көмекшісі Карим Талассаның арқасында әнші орындаушымен танысады. Нәтижесінде Сосо әншіге "В моем сердце весна" атты авторлық композициясын орындауды ұсынған. Ал өлеңді әншілер мамыр айында музыканттың Мәскеудегі студиясында жазды.

Айта кетейік, әншілер келесі айда бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр. Әдемінің айтуынша, оған Сосомен бірге жұмыс істеген ұнайды, ол оған өз күшіне сенуге жігер береді. Сонымен қатар, грузиялық орындаушы Әдеміге тосын сый жасады. Ол өзінің авторлық әнін әнші қызға сыйлады. Жақын арада Әдемі ол әнді де таныстырмақшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети