24 наурыз 2016 15:47

Қазақстандық әнші әлемге әйгілі музыкантпен келісімшарт жасасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com © Instagram.com

Америкалық әнші, композитор Cee-Lo Green 28 жастағы қазақстандық әнші Әли Өтегеновті Mothership Music продюсерлік орталығына шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Америкалық әнші, композитор Cee-Lo Green 28 жастағы қазақстандық әнші Әли Өтегеновті Mothership Music продюсерлік орталығына шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әли Өтегенов қазіргі уақытта Prince Ali NeAura деген атпен танылып жүр. Шымкентте өмірге келген ол шығармашылық жолын Алматыда бастаған. Қазақстандық түрлі шоуда бағын сынаған ол Баян Есентаевамен де жұмыс істеп көрген екен. Дегенмен барлығы сәтсіз аяқталыпты. Туған ағасы Мәдидің айтуынша, Әли осыдан төрт жыл бұрын астындағы көлігін сатып, Американы бағындыруға аттанған. Ол жақта әнші осы уақытқа дейін мейрамханаларда және клубтарда өнер көрсетіп жүріпті. Осылайша ол бір жыл бұрын Cee-Lo Green-мен кезігіп, жақын арада олар бір жылға келісімшарт жасасқан.

Әлемге танымал музыкантпен жасалған келісімшартта бейнебаяндар түсіру, әнжинақ жазу сияқты пункттер қарастырылған екен. Cee-Lo Green бұған дейін мұндай іспен айналыспағандықтан, Әли оның алғашқы шәкірті болып отыр.

Айта кетейік, Си Ло Грин (Cee Lo Green) деген атпен танылып жүрген Томас ДеКарло Коллэвей - америкалық әнші, рэпер, бірнеше әннің авторы. Ол Goodie Mob атты хип-хоп топтың мүшесі ретінде танылған. Сонымен қатар, Cee Lo Green The Voice USA ("АҚШ дауысы") шоуындағы тәлімгерлердің бірі ретінде көпшілікке танылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети