Қазақстандық әнші Диана Шарапова "Главная сцена" шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық әнші Диана Шарапова "Главная сцена" шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шарапова Алла Пугачеваның "Ты снишься мне" композициясын орындады, алайда әншінің өнері қазылар алқасын таңғалдырмады, олар өзгешеліктің болмағанын айтты. "Маған сіздің дауысыңыз ұнады, керемет екен. Мен өзіме сұрақ қойдым: Сіз ән салып тұрсыз ба, жоқ па соған мен сенемін бе. Маған жетпегені, нақты ерекшелік емес, ерекшелік сізде бар. Сіз өте тартымды қыз әрі әншісіз. Негізінде бар өзгешелік жетіспеді, маған сіздің ойыңыз бен вокалдық аппараттың арасындағы байланыс жетіспеді. Айтып тұрғаныңыз туралы сендіре ән салғаныңызды қалап едім. Сондықтан мен сізге әзірше "Жоқ" деймін, әрі қарай жігіттер баға берер", - деді Диана Арбенина.
Осыдан кейін әділ қазылар Диана Шараповаға тағы бір мүмкіндік берді. Екінші композицияны орындағаннан кейін қазақстандық әншіні әділ қазылар бір дауыстан қолдап, екінші турға өткізді.
Диана Шарапова ресейлік "Голос" шоуының үшінші маусымының финалисі. Ол көрмей тыңдаудан кейін Леонид Агутиннің тобына түсті. Екінші турда Диана Шарапова мәскеулік конкурсант Георгий Юфамен дуэт айтты. Агутин Георгийді таңдап, Шарапованы екі бірдей тәлімгер өз тобына алғысы келді - Александр Градский мен Пелагея.
Айта кетейік, "Главная сцена" жобасының екінші маусымында қазақстандық Jigboys тобы мен жас әнші Сангина Шарипова да өнер көрсетіп жатыр.