Қазақстандық әнші "Хочу в ВИА Гру" финалисімен бірге ән жазады

17 Қазан 2014, 17:07
0
Қазақстандық әнші "Хочу в ВИА Гру" финалисімен бірге ән жазады - Карина Фазлиева мен Татьяна Царик. ©Жеке мұрағат
Карина Фазлиева мен Татьяна Царик. ©Жеке мұрағат

Қазақстандық әнші Карина Фазлиева "Хочу в ВИА Гру" шоуының жартылай финалы кезінде бірге өнер көрсеткен украин қызы Татьяна Царикпен бірге ән жаздырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Таня екеуміз кофе мен сүт сияқты бір-бірімізге ұқсамаймыз. Бірақ білесіз бе, бұл менің жақсы көретін сусыным. Жобада бірге қаншама бірге болды, қанша жас төгілді, қанша рет ұрысып, келіспеушіліктерге бардық. Сонда да біз әрдайым бір ортақ келісімге келетінбіз. Бірігіп бейнеклип түсіруді шештік. Осылайша жанкүйерлердің өтініші орындалады", - дейді Карина Фазлиева. Әзірше қандай ән айтатыны және түсірілім қайда болатыны белгісіз. 

Айта кетейік, "Хочу в ВИА Гру" шоуында Карина Фазлиева мен Татьяна Царик бірінші эфирде дуэтте айту керек болды. Түсірілімге бірнеше күн қалғанда үшінші қатысушы Жанет Кердикошвили сұлулық байқауына қатысатыны себепті жобадан бас тартатынын мәлімдеді. Константин Меладзе қыздарға ресейлік Юлия Ефременко кіріп, үштік Альбина Жаңабаеваға өтеді деп шешті. Бұл құраммен қыздар жартылай финалға дейін жетті. 

"Хочу в ВИА Гру" шоуынан кейін Карина Фазлиева украин, грузин қыздарымен үштік құрылғанда олар жеңіске барынша жақын болғанын мәлімдеді. Ал олардың жұлдызды жетекшісі Альбина Жаңабаева, қыздардың айтуы бойынша, уақыты жоқ болғандықтан дайындықтарға мүлдем келе алмаған.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай