Қазақстандық орындаушы Ademi Сочиде өтіп жатқан жас орындаушылардың халықаралық "Новая волна-2015" байқауының екінші күнінде ресейлік атақты әнші Ирина Дубцовамен ән салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екінші күнде қатысушылардың барлығының "Новая волна" байқауының әр жылдары қатысқан өнерпаздарымен дуэт айтқандары белгілі. Олардың биыл 55 жасқа толған белгілі композитор Игорь Николаевтың шығармашылығындағы туындыларды орындады. 2004 жылы осы байқауда екінші орын алған Ирина Дубцова мен қазақстандық Ademi "Суженный" композициясын орындап, 87 балл алды. Осылайша, Ademi екі күннің қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар, Қазақстанның атынан қатысып жатқан Voice KZ тобы Доминик Джокермен бірге ән шырқады, олар Николаевтың "Раскаты грома" әнін орындады. Қазылар алқасы олардың номеріне 86 балл берді. Турнир кестесінде қазақстандықтар әзірше үшінші орында тұр.
Айта кетейік, байқаудың соңғы күні 10 қазанда, қатысушылар өздерінің авторлық әндерін орындайды. Жеңімпаздардың есімі 11 қазанда, гала-концертте жарияланады. Бұл күні арнайы қонақ - атақты опера әншісі Дмитрий Хворостовский өнер көрсетеді.