Қазақстандық әнші "Ресей дауысы" шоуында тәлімгерлерді тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші "Ресей дауысы" шоуында тәлімгерлерді тәнті етті Видеодан алынған кадр

26 жастағы қазақстандық Ернар Сәдірбаев "Ресей дауысы" шоуына қатысып, көрмей тыңдау кезеңінде барлық төрт тәлімгерді өзіне қаратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 жастағы қазақстандық Ернар Сәдірбаев "Ресей дауысы" шоуына қатысып, көрмей тыңдау кезеңінде барлық төрт тәлімгерді өзіне қаратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ернар Сәдірбаев Стиви Уандердің Part-Time Lover әнін орындады. Қазылар алқасымен әңгімеде ол Нұр-Сұлтан қаласынан келгенін айтты.

Қазылар алқасының мүшелері әншінің өнеріне тәнті болып, өз тобына шақырды. Ернар тәлімгерлікке Дима Биланды таңдады.

Айта кетейік, Әміре бүркеншік атымен өнер көрсететін қазақстандық әнші Ернар Сәдірбаев "Славян базары" эстрадалық ән орындаушыларының халықаралық байқауында ең жоғары ұпай жинаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети