Халықаралық "Славян базары" байқауында "Әмре" деген лақап атпен өнер көрсеткен қазақстандық әнші Ернар Садырбаев жоғары балға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің продюсері Жан Мұқановқа сілтеме жасап.

Байқаудың нәтижесі бойынша, отандасымыз 156 балл жинады. Румынияның намысын қорғаған өнерпаз да осындай балл алды. Алайда, әділ қазылар алқасының төрағасы Александр Морозовтың шешімімен Гран-при Румынияға берілді. Бірінші орын Қазақстанға, екінші орын Украинаға, ал үшінші орын Польша мен Беларусь елдеріне берілді.
"Витебскіде өткен "Славян базары 2018" халықаралық байқауында бірінші орынға ие болған Әмреге 15 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Әділ қазылар алқасының шешіміне қатысты түрлі пікір айтып, дауласуға болады, бірақ менің көңілім толды, өнерпаздың да. Мұндай, ауыр вокалдық байқауда бірінші орын алу, менің ойымша, өнерге енді қадам басқан әртіс үшін жетістік. Қазақстандық делегацияға және әлеуметтік желі арқылы қолдау көрсеткендердің барлығына жын жүректен алғыс айтамын. Біз әлемдік музыка аңыздарынан ең жоғары баға алдық, олар: Р.Рымбаева, А.Морозов, Р.Лоретти, В.Гришко, М.Качмарек және өзгелер", - деді Жан Мұқанов.